A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«В.И.Татарин 80 жаста» атты «Наш очаг» клубының отырысы

21 Сәуір 2016

2016.04.21 01 2016.04.21 02

 21 сәуірде Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында «Наш очаг» клубының мерейтойлық отырысы болды, онда еңбек, тыл ардагері, клубты ұйымдастырушылардың бірі, клуб мүшесі В.И.Татариннің 80 жылдығы аталды. Бағбаншы көп жылдан бері жүзім және алма өсіруімен айналысып келеді. Ол «Каракоз», «Ольга», «Тукай», «Киш – миш» атты жүзім сорттарын жасап шығарды.

Клуб отырысында мерейтой иесі В.И.Татарин тыңдаушыларға кеңес беріп, бағбандарды, әсіресе жүзім түрлерін өсіру құпияларымен бөлісті. В.И.Татаринді кітапханашылар, клуб мүшелері 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Облыстық ардагерлер Кеңесі атынан құттықтау сөз айтылып, И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі,   мәдениет қайраткері Күлжан Қайырбекова музыкалық сәлем жолдады.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту