
4 қазан күні сағат 11-00 де Ұстаздар мерекесі қарсанында облыстық кітапханада «Ұстаз» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Кітап Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, «Құрмет Белгісі» орденінің кавалері, ұстаз Мұсахан Қанапияұлына арналған.
1 қазан күні облыстық кітапханада С.Торайғыров атындағы ПМУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдары, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері, Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары мен Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері арасында онлайн-конференция өтті.
29 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубының шеңберінде ақын, Қарағанды өңірінің тумасы Константин Георгиевич Семенюктың шығармашылық кеші болып өтті. Аталмыш кешке клуб мүшелері және Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері атсалысты.
29 қырқүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Библиоквартирники» клубының отырысы болып өтті. Клуб мүшелері «Осенние мотивы» атты шығармашылық сабаққа орай жиналған болатын. Балалар кітапханашының күзгі табиғи материалдарды қолданып көптеген қызықты және мейірімді кейіпкерлерді жасау бойынша ұсынысына қуана атсалысты.