
28 қыркүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде №15 жалпы орта білім беру мектебінің 1 сынып оқушыларына арналған «Книжкин дом» кітапханалық сабағы болып өтті. Сабақтың басында балаларға экскурсия жүргізіліп, кітапхананың кітап қорымен танысқан болса, артынша «Угадай героев книг» атты викторина және «О пользе чтения» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
27 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Тіл өнері» халық университеті аясында аса көрнекті қазақ жазушысы, көркемсөз зергері Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Жазушы, ақын, сыншы, аудармашы» атты дәріс өтті. Дәрісті ф.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Серік Төлеубайұлы Елікбай жүргізді.
27 қыркүйек күні облыстық кітапханада 2009 жылы Берлинде (Германия) өткен неміс көркем шығарма аудармашыларының Дүниежүзілік Коллоквиумына қатысқан, гранттың жеңімпазы Мұсабаева Рауза Молдайыпқызымен кездесу өтті. Халықаралық деңгейдегі аудармашы отыз үш жылдан бері неміс тілінен тікелей қазақшаға Германия, Австрия, Швейцария, Франция және ресейлік неміс авторларының көркем шығармаларын, новеллаларды, криминалдық әңгімелерді, танымдық дүниелерді, бүгінгі заман ертегілерінінің аудармаларымен айналысады.
27 қыркүйек күні облыстық кітапханада Павлодар облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мамандарының бастамасымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» атты құқықтық сағат өткізілді. Кітапхана қызметкерлері тұтынушылардың құқықтарын, дауларды реттеу, тауарларды сатып алу мен экспертизасы бойынша мәселелермен танысты, сондай-ақ «Өз құқықтарынды қорға» тақырыбында сауалнама жүргізілді.