
20 қыркүйек күні облыстық кітапханада 2018 жылдың айтулы оқиғасы – мемлекет, қоғам қайраткері, фольклоршы, этнограф, заманынан озып туған ер тұлға Мұса Шормановтың 200-жылдық мерейтойына арналған «Өлкетану сабағы» атты дәріс өткізілді. Аталмыш іс-шараға «Рухани жаңғыру» ғылыми – тәжірибелік орталығының директоры М.Х. Рахимжанова қатысты.
20 қыркүйек күні облыстық кітапханада Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Астана – бейбітшілік бесігі» атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктант Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Аталмыш іс-шараға 30 адам атсалысты, қатысушылар арасында мәдениет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметтегі адамдар бар. Тексеру нәтижесі бойынша 7 қатысушы диктантты «үздік» жазып шықты.
19 қыркүйек күні облыстық кітапханада Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушыларына арналған «Библио-глобус» атты әдеби-географиялық викторина болып өтті. Аталмыш шараның қазылар алқасы мүшелері ретінде ПМПУ-нің география және химия кафедрасының аға оқытушысы – М. К. Омаров және облыстық кітапхана қызметкері – Г. Е. Иванова қатысты.
19 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Ертістің ерке елігі» атты еске алу кеші өтті. Алғашқы қазақтан шыққан журналист, фотограф, Павлодар облысының бірінші ұстаздарының бірі, талантты аудармашы, жарқын бейне, қазақтың халық ақыны Әбу Сәрсенбаевтың жары және музасы болған - Ләзиза Серғазинаның туғанына биыл 110 жыл толып отыр.