![1](images/books/2018.02.28/1.jpg)
Мамыр мен тамыз айлары аралығында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада барлық ниет білдірушілерге «Электронды қызметтерді алу» акциясы өткізілді. Кітапханашылар ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті алуға, Күнделік.kz порталымен жұмыс істеуге, медициналық мекемелерге онлайн режимінде жазылуға қажетті негізгі дағдыларды көрсетіп шықты.
16 қыркүйек күні облыстық кітапхананың Конференц-залында ағылшын тілді театр клубының алғашқы кездесуі болып өтті. Аталмыш шараға кітапхана оқырмандары мен келушілері, ағылшын тілінің деңгейін шыңдағысы келетін, сонымен қатар сахналық шеберлікті игергісі келетін адамдар қатысты.
12 қыркүйек күні облыстық кітапхананың «Жанашыр» орталығында «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сінің емделушілеріне арналған «Ұзақ өмір сүрудің сырлары» тақырыбына дәріс өткізілді. «Центр поддержки ЗОЖ» ЖШС-нің өкілі Б. С. Суйеукенов қонақтармен салауатты және ұзақ өмір сүру жөніндегі кеңестерімен бөлісті және де өмір сүру сапасы мен ұзақтығына әсер ететін факторларға толығырақ тоқталып кетті.
2018 жылдың 4 қыркүйек күні әлеуметтік және мәдени даму мәселелері бойынша облыстық мәслихат комиссиясы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Жасөспірімдік жүктілік – бұл әлеуметтік мәселе» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық басқармалар, қалалық білім беру бөлімдерінің, үкіметтік емес мекемелердің басшылары, ата-аналар комитетінің өкілдері және т.б шақырылған. Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары басты назарды мемлекеттік органдардың әрекетін оқу орындарымен , жасөспірімдерді тәрбиелеу, жыныстық өмірді ерте бастаудың алдын алу мәселелері бойынша балалар және жасөспірімдік ұйымдармен бірігіп жұмыс жасауының қажеттілігіне аударды.