
6 тамызда Павлодар облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийінің демалушылары облыстық кітапханаға экскурсия жасады. Аймағымыздың түкпір-түкпірінен келген балалар болғандықтан, кітапханаға алғаш келуі. Жас жеткіншектер барлық бөлімдерді тамашалап, электронды каталогтан кітапты іздеп, кітапханашының көмегінсіз RFID бағдарламасы бойынша кітапты қалай үйге алып, тапсыратынын көрді.
3 тамыз күні сағат 10.00-де Естай атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның көрнекті ғалымдары, тіл мамандары, әдебиет сыншыларының қатысуымен «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды. Сағат 14.00–де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана базасында «Сұлтанмахмұт мұрасы – егемен елдіктің рухы» атты секциясы жұмыс жасады.
3 тамыз күні 14.00 облыстық кітапханада ақын, демократ, қоғам қайраткері С. Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Кітапханаларды жаңғырту- қоғамдық сананы жаңғырту» секциясы ұйымдастырылады. Бұл іс-шара халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция аясында өтеді.
27 шілде күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде жас суретші Н.Рушеваны еске алу халықаралық байқауының дипломанты (Мәскеу қ.), «Биеннале –2016» (Словакия), «Радость Ташкента», «Сакральные места Прииртышья», облыстық «Автограф», «Мир вашему дому», «Тәуелсіздік тұғыры» атты сайыстардың жеңімпазы мен дипломанты Дарья Лезинаның «Жазғы бояулар» атты үздік картиналары мен сәндік бұйымдарының библиовернисажы өтті. Іс-шараға жас суретшінің картиналары мен сәндік бұйымдары ұсынылды.