
4 қазан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Мамандандырылған әскери мектепте «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған іс - шара өткізді. Кітаптардың авторлары - Немат Келімбетов, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Бауыржан Момышұлы.
3 қазан күні облыстық кітапханада №18 жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушылары үшін кәсіби сағат өткізілді. Кездесуде ПМУ электроэнергетика кафедрасының профессоры Б.К. Шапкенов сөз сөйледі.
3 қазан күні облыстық кітапханаға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жене отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Е.И. Тарасенко, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның директорлар Кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері жене отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Б.С. Туткушев келіп кітапхана жұмысымен танысты.
Облыстық кітапханада «Қарт адамдар күні» мерекесінің қарсанында кітапхана ісінің майталмандарына арналған «Мудрой осени счастливые мгновенья» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Бұл күнде кітапханашылар ардагерлерге көпжылдық ерең еңбегі үшін, олардың даналығы мен кеңжүректілігі үшін алғыс сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана қонақтарына арнап мерекелік дастархан жайылды.