
15 қаңтар күні облыстық кітапханада саңырау және нашар еститін мектеп-интернат оқушылар үшін жазушы І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Көші-қон өркениетінің білгіші» атты әдеби сағат өткізілді.
«Новогодний калейдоскоп» атты әдеби ойыны «Самал» оңалту орталығында және облыстық балаларды оңалту Орталығында өткізілді, сондай-ақ, бұл шара кітапханада көзі нашар көретін және зағип оқушыларына да өтіп, олардың назарына ойын түрінде Жаңа жыл тарихы туралы айтылды, әртүрлі елдердегі Аяз Аталардың пайда болуын және осы ғажап мерекені тойлаудың дәстүрлері туралы айтылды.
2015 жылғы 1 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Қайырбаев Махмет Қайырбайұлының туғанына 90 жыл толды. Кітапхананың оқу залында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына және М. Қайырбаевтың туғанына 90-жыл толуына арналған «Павлодарлықтар-соғыс батырлары» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
13 қаңтарда күні атақты жазушы, журналист, Абай шығармашылығын зерттеушісі, біздің жерлесіміз Рамазан Тоқтаров 80 жасқа толып отыр.