
Жаңа жыл - әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ақ армандар ұялататын, ең ғажайып мерекелердің бірі. Әр адам жаңа жылды жақсы көңіл - күймен қарсы алуды армандайды, туған – туыстарынан, достарынан, таныстарынан сыйлықтар күтеді...
16 қарашада облыстық кітапхананың көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Мәңгілік ел» иллюстрациялық кітап көрмесінің ашылуы өтті.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады: - Тәуелсіздік шежіресі; - Елбасы жолы – елдіктің жолы; - Бір ел, бір халық, бір тағдыр; - «EXPO-2017» - Астана мерейі. Көрмеге кітапхана қорынан 300 – ден астам қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдеріндегі басылымдары қойылды. Олар – Н. Назарбаевтың таңдамалы баяндамалары, шығармалар жинақтары, анықтамалар, энциклопедиялар, альбомдар, Қазақстанның тарихи дамуына, этносаралық, дінаралық келісімге, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне және толағай табыстарға жетіп, дамып келе жатқан индустриалды-инновациялық экономика секторына, білім мен ғылымға, мәдениетке, денсаулыққа арналған кітаптар.
«Тәуелсіздік тірегі – Мәңгілік ел» иллюстрациялық кітап көрмесі