A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

"Бір ел - бір кітап" - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"

06 Ақпан 2015

2007 жылдың 4 наурызында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жоба бойынша кітап таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің мәжілісі болып өтті. Мәжіліс жұмысына «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің төраймы, Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік силығының лауераты, ақын – Фариза Оңғарсынова, ұйымдастыру комитетінің орынбасары, Халық жазушысы, Қазақстан жазушылар Одағы Астана филиалының төрағасы - Әкім Тарази, ұымдастыру комитетінің мүшелері - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Аймақтық даму және кітапханалар басқармасының бастығы С. Тәуекелов, ҚР Парламент Сенатының депутаты - Есим Гарифолла, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары - Смаил А.З., Сулейменов Ж.К., ҚР ҰАК бас директорының орынбасары - Үсенбаев Ж.Б., Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, жазушы - Сұлтан Оразалин, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымының докторы Қанапия Алпысбаев, ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз орталығының сектор меңгерушісі, ақын Нұрлан Қалқа, жазушы - Толымбек Әбдіраимов, Астана қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры - Медеубеков С.Б.

2007 жылдан бастап «Бір ел – бір кітап» акциясын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы өткізіп келеді. Жобаның мақсаты – оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне деген қамқорлықты күшейту, сондай-ақ, жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне кітапханашылар және оқырмандардың пікірі бойынша акция кезінде оқылған және зерттелген бірнеші шығармалар ұсынылды. Бұл – Ф.Оңғарсынованың лирикасы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және публицист Ә.Бөкейхановтың монографиясы, Мемлекеттік силықтың лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақ» поэмасы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Артымызда Москва» романы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранының авторы Ж.Нәжмиденовтың лирикасы, Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» поэмасы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі .

Осылардың ішінен ұйымдастыру комитетінің мүшелері біреуін ғана таңдауы қажет еді. Таңдау оңайға соқпады. Мәжіліс кезінде түрлі пікірлер айтылды. Олай дейтініміз ұсынылған авторлардың қай-қайсы болмасын жалпы ұлттық оқуға лайық болатын.

Кітапты таңдау кезіндегі қойылатын талап – ол жасына қарамай қоғам мүшелері өздерін толғандырып жүрген сауалдарға таңдалған шығармадан жауап тапса екен, сол арқылы өмірдің құндылығына көзі жетсе екен. « Қазір бәрі шетел авторларын жаппай аударумен әуестеніп кетті,- деді ұйымдастыру комитетінің төрайымы. – Менің ойымша тек ұлттық әдебиет қана жас ұрпақты ұлтымызға тән құндылықтар бойынша тәрбиелей алады. Ол ұлтына, атажұртына деген махаббат».

Жазушы С.Оразалиннің ойынша, ұлт көсемі Ә.Бөкейхановтың шығармаларына да көңіл бөлу керектігін айтты. Барша жұрт оның шығармашылықпен айналысқанын біле бермейді. Ұлы Отан соғысына қатысқан және туғанына 90 жыл толатын Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» мәңгілік поэмасы ешкімді де бей-жай қалдырмасы белгілі.

Акцияда тек қана көркем шығарма болуы тиіс,- деді Сенат депутаты Ғ.Есім. – Қазір елдегі азаматтық қоғамды нығайту мәселесі өзекті болып тұр. Біз Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын таңдасақ қателеспейміз. Кезінде өзіміз оны жатқа білетінбіз. Әдебиеттен құндылық іздеуіміз керек. Осы тұрғыда «Мен қазақпын» поэмасы осы талапқа толық сай деп санаймын. Бұл поэма қазақстандық поэзияның әнұраны десе де болады. Ол жалпы жұртты, қоғамды біріктірудің құралы іспеттес.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Сүлейменовтың сөзінше, бұрынғы акцияларға студенттер мен ұстаздар белсене қатысты. Олардың жұмысын осы тұрғыдағы жұмысын жандандыра аламыз ба, ол бізге байланысты,- деді. Депутат Ж.Молдағалиевтің әйгілі поэмасын таңдағанды жөн көрді.

Қорытындылай келе, Ф.Оңғарсынова барлық ұсыныстардың қызықты болғанын, олардың қайсысы болса да оқырмандар үшін пайдалы және қызықты болатынын атап өтті. Дауыс берушілердің көбі Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасына тоқталды. Бұдан әрі жұмыста кітапханашылар осы шығарманы оқып зерттеуді және оқырмандарды тартуды жандандыра түскендері ләзім.

ҚР ҰАК сайтынан