A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

"Бір ел - бір кітап" - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары

06 Ақпан 2015

16 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалымен «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті мүшелерінің алтыншы отырысы өтті. Күн тәртібінде – 2012 жылы көпшілік оқуға ұсынылатын кітапты таңдау.

Бұл отырысты бес жылдан бері акцияны ұйымдастырып, акцияның іс-шараларына белсене қатысып жүрген Қазақстанның барлық аймақтарындағы кітапханашылар, оқытушылар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар тағатсыздана күтті. Бәрі де осы жылы акция аясында қай кітапты оқитынымызды білгісі келген болатын.

Дәстүр бойынша, өткен жылдың соңы мен осы жылдың басында «2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қай кітапты оқуды ұсынар едіңіз?» деген сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнаманы 14 облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар оқырмандары мен аймақтық жұртшылық өкілдері арасында жүргізіп шықты. Сондай-ақ, кітапханашылардың пікірі де өте маңызды болды. Астанада сауалнамаға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары, ҚРҰАК жанындағы «Жансусар» жас ақын-жазушылар клубының мүшелері, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті мен Еуразия гуманитарлық институтының студенттері, Гуманитарлық колледж, № 4 мектеп-гимназиясы, № 38, 48, 53, 54, 62, 66 мектеп-лицейлері, № 50, 58 орта мектептерінің оқушылары қатысты. Сауалнамаға барлығы 1000 респодент қатысты. Сауалнама қорытындысы бойыншы мынадай кітаптар тізімі ұсынылды: М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, О. Бөкейдің повестері мен әңгімелері, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романы, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы, М. Мақатаевтың поэзиясы, Ш. Мұртазаның «Қызыл Жебе» романы, Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы, Ә. Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романы, М. Шахановтың поэзиясы, С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы.

Отырыста Ф. Оңғарсынова осы тізімді ұйымдастыру комитеті мүшелеріне таныстырып өтті, олар: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер, Халықаралық Кафка сыйлығының лауреаты Ә.Тарази, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Есім, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Е. Шаймерденұлы, Қазақ Ұлттық өнер университеті Ақпараттық-кітапхана орталығының директоры Р. Бердіғалиева, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұртбай, жазушы, көрнекті ғалым Қ. Салғараұлы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Ж. Шаймұханбетова, ақын, «Жансусар» жас ақын-жазушылар клубының мүшесі Азамат Есалы.

Сондай-ақ, отырысқа ҚРҰАК мамандары, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары, астаналық мектептердің мұғалімдері мен журналистер қатысты.

Жыл сайынғы кітап таңдау жұмысы оңайға соқпайды. Себебі әр жазушының шығармасы таңдауға лайық, әрбір шығарма оқырмандарды ойландыратын, толғандыратын тәрбиелік мәні бар, адам тағдырлары мен тарихи оқиғаларды бейнелейді.

Тұрсын Жұртбай өз сөзінде: «Былтыр Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқыдық. Азаматтық соғыс тақырыбын бейнелейтін бұл роман – қиын шығарма. Сондықтан да оқырмандар бір демалсын деген оймен, оларға туған жердің сұлулығын, рухани дүниесі бай еңбек адамдарын суреттейтін романтикалық маазмұндағы шығармаларды ұсыну пайдалы деп ойлаймын. Бұл орайда, Оралхан Бөкейдің повестері мен әңгімелері дұрыс болады»,- деп атап өтті.

Әкім Тарази Т. Жұртбайдың пікірін қолдай отырып, ұсынылған тізімнен «Ұлпан» романын атап өтті. Жазушының айтуынша, бұл роман Ғ. Мүсіреповтің ең мықты шығармаларының бірі.

Жалпы айтқанда, ұйымдастыру комитеті мүшелері әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған, әр түрлі жастағы және әр түрлі ұлт өкілдері оқырмандарының қызыға оқитын, оларды туған жерге деген сүйіспеншілікке баулитын Оралхан Бөкейдің повестері мен әңгімелерін ұсынды.

Жазушылардың ұсынысын кітапханашылар мен оқытушылар да қолдады. Дауысқа салуға екі шығарма – Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы мен Оралхан Бөкейдің повестері мен әңгімелері енген «Қайдасың, қасқа құлыным» жинағы ұсынылды. Жабық дауысқа салу барысында Оралхан Бөкейдің повестері мен әңгімелері көп дауысқа ие болды.

Отырыстың қорытындысын баяндау барысында Ф. Оңғарсынова: «Бүгін келелі, мазмұнды әңгіме болды, көптеген ұсыныстар тыңдалып, пікірлер айтылды. Өкінішке орай, акцияны негізінен кітапханашылар өткізеді, алайда бұл жобаға ҚР Білім және ғылым министрлігі де қатысуы қажет. Сонымен қатар, акцияға әкімдіктер мен Мәдениет басқармалары да ат салысуы керек. Тағы бір айтарым, акцияны ұйымдастырушылар акцияны өткізудің жаңа қызықты үлгілерін ойластырып, кітапхана пайдаланушылары мен акцияға қатысушылардың шеңберін кеңейтуде жастарды, серіктестерді көбірек тарту қажет. Сондықтан, бүгіннен бастап акцияға қатысушыларды осы жылдың іс-шараларының дайындық жұмыстарына – Оралхан Бөкей шығармашылығын оқып, БАҚ-да акцияны насихаттауға белсенді түрде тарту керек»,- деп айтып өтті.

Дереккөз: ҚРҰАК-ның сайты www.nabrk.kz