A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Балалар бөлімі

Балалар, кітапханаға асығындар,
Кітап, ауа сияқты адамға қажет,
Сіздерге қиын және қызықты,
Уақытта сенімді көмекші.

Осы сөздермен күн сайын өз оқырмандарын, облысымыздың ең көне кітапханаларының бірі облыстық балалар кітапханасы, қазіргі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапхананың балалар бөлімі қарсы алады.

1959 жылы ресми түрде ашылған кітапхана Фрунзе көшесінде, қазіргі облыстық Бұхар-жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына қарама-қарсы орналасқан.

Облыстық атқару комитетінің шешімімен 1959 жылдың 10 тамызында облыстық балалар кітапханасына Сұлтанмахмұт Торайғыров есімі берілді. Сол кезде кітапхана меңгерушісі Любовь Захаровна Шаманина болды. Екі жыл өткен соң кітапхана Куйбышев көшесі, 77 үйде орналасқан типтік емес ғимаратқа көшірілді, осы ғимаратта 1996 жылға дейін орналасқан. 60-шы жылдары балалар кітапханасын Е.И. Литвинова және З.А. Глушкова басқарған.

1979 жылы облыстық балалар кітапханасының директоры Людмила Ивановна Голубева болды. Ұзақ жылдар бойы Людмила Ивановна өзгеріссіз басқарушы және бүкіл ұжымның тәлімгері, балалар әдебиетінің үлкен білгіші болды. Сүйікті жұмысына әріптестерімен бірге көп үлес қосты. Балалар осыны сезіп өздерінің қуаныштарымен және сәтсіздіктерімен бөлісіп, өсе келе өз балаларын кітапханаға әкелген.

Көп жылдар кітапхана облыстық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін орталығы болды, балаларға қызмет көрсететін, ең үздік кітапханалардың тәжірибелерін жинақтап, кеңінен таратты.

Кітапхананың кітап сақтау, әдебиетті өңдеу, қорды толықтыру, нота-музыкалық бөлімдері болды. Бөлімнің басшылығында білікті мамандар болды. Олардың арасында бас библиограф М. М. Фисенко, кітап сақтау бөлімінің меңгерушісі Т.А. Усова, әдістемелік бөлім меңгерушісі А.Л.Пугачева болған. Олар өз ісінің энтузиастары болды.

Бүгінде балалар бөлімі С. Торайғыров атындағы ОБӘҒК құрамына кіреді. Жылдар өтіп, оқырмандар құрамы өзгерсе де, сергектік пен назардың демі таусылған емес, 1992 жылы Кітап үйі Луначарский 9/2 мекен-жайына көшті. Бүгінгі күні балалар бөлімінде екі абонемент, кең және жайлы оқу залы, кітап сақтау бөлімі бар. Басты оқырмандары – 1-9 сынып оқушылары, олардың ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, бос уақытты ұйымдастырушылар, педагогикалық колледж студенттері, мүгедектер және зейнеткерлер.

Кітапханада өткізілетін экскурсиялар, әдеби-музыкалық кештер және библиографиялық шолулар, театрландырылған қойылымдар дәстүрге айналды.

Жылсайын 5 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіледі, 125 мың дана кітаптар және мерзімді басылымдар беріледі. Балалар бөлімінің кітап қорында ең үлкен балалар әдебиеттері бар.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар бөлімі – балалар кітапханаларының ішінде әдебиетті автоматтандырылған түрде өндеуден және анықтамалық – ақпаратты алудан облыста ең алғашқы болды. Балалар әдебиетін автоматтандырылған түрде өңдеу жүріп жатыр, ретроспективті ақпаратты енгізу жұмысы жалғасты.

Жас пайдаланушыларға Ғаламтор, электронды деректі базаларды пайдалану мүмкіндігі бар.

Байланыс: тел.: 8 (7182) 61-87-11