A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Әмбебап оқу залы

Оқу залы бөлімі – облыстық кітапхананың ең көне бөлімі, кітапхана құрылғаннан бастап жұмыс істейді. Бөлім құрамына әмбебап оқу залы, электрондық оқу залы, 120 орындық С. Торайғыров залы енеді. Әрбір оқу залында оқырмандардың еркін түрде сөрелерден кітап алу мүмкіндігі бар, негізгі кітап сақтау қорынан алдын-ала тапсырыссыз оқу залдарының қорларынан кітап алуға және алдын-ала тапсырыспен негізгі кітап қоймасынан кітап ала алады.

Қосымша қор – бұл ғылыми, оқулық, анықтамалық, философия, социология, религия, саясат, экономика, мемлекет және құқық бойынша ғылыми- көпшілік әдебиет; психология, педагогика, тарих, тілтану, әдебиеттану, мәдениет, спорт, көркем әдебиет бойынша құжаттар.

Бөлімнің ағарту жұмысы оқуды көтеру үшін жағымды ақпарттық ортаны қалыптастыруға бағытталған, ол зияткерлік және адамзаттың рухани мұрасын игеруге ықпал жасайды.