A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Кітап сақтау бөлімі

Кітап сақтау бөлімінің қоры 1947 жылы құрылды. Кітап сақтау бөлімінің қоры, облыстағы ең ірі құжат қоймасы.

Ол тұрақты сақтауды қамтамасыз ету және оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуде кітапхана толықтыратын кітаптарды пайдалануға арналған.Бөлім қоры мазмұны бойынша әмбебап. Ол барлық баспа өнімдерінің түрлерін, барлық форматтарын үлкенінен кішісіне дейін ұсына алады. Қорды сақтау бөліміндегі ерекше орынды сирек басылымдар коллекциясы алады, 1000 аса бірлік сақталған. Коллекциясы қорының құрамына: XIX - XX ғасыр ортасына дейінгі басылымдар, қазақ баспасы, Қазақстан туралы кітаптар, факсимильді және репринтті басылымдар, миниатюралар, қолтаңбалар. Ең жоғары құндылықтардың бірі , ең ерте -1819 ж. шыққан «De madame De Gerville», 1859 жылы басылып шығарылған «В.Г. Белинскидің шығармалары», В.Г. Короленконың көзі тірісінде басылған шығармалары, қазақтың әйгілі ақын-жазушыларының қолтаңбалары бар кітаптар, сирек өлкетану кітаптары, белгілі суретшілердің суреттелген басылымдары.
Бөлім қоры үнемі толықтырылады.

Кітап сақтау бөлімінің басылымдары оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері арқылы берілуі мүмкін.