A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

"Паралимпиада. Рухы мықтылар". Экспресс-шолу

27 Қаңтар 2017

2017.01.26 01 2017.01.26 02

26 қаңтар күні облыстық кітапхананың балалар бөлімінде Павлодар қаласы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының  мүмкіндігі шектеулі жастарға  "Паралимпиада. Рухы мықтылар" атты экспресс-шолу жасалды. Онда, Паралимпиадалық қозғалысының шығу тарихы жайлы айтылып, Қазақстанның паралимпиадалық құрамасындағы спортшылар жайлы бейнероликтер көрсетілді.

Қазақстан паралимпиада чемпионы Зүлфия Габидулина мен спорт шебері Александр Медведев туралы ақпарат келушілердің қызығушылығын тудырды. "Спорттық Қазақстан. Біздікілерді біл!" кітап көрмесінде  танымал қазақстандық спортшылар  туралы кітаптар қойылды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту