A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі

1946 жылы қалыптасқаннан кейін – бөлім облыстық зерттеу орталығының, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру, оқыту және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің барлық көпшілік кітапханаларының, 13 орталықтандырылыған кітапханалық жүйеге біріккен кітапханалардың үйлестіру орталығы.

Бөлім қызметіндегі басым бағыттар:
- областағы кітапханалық саясатты қалыптастыру;
- мемлекеттік басқару органдарымен қарым-қатынасты дамыту және нығайту;
- облыстағы көпшілік кітапханалар жағдайының мониторингі;
- кітапхана қызметін жоспарлау, болжау және кітапхана кадрларын оқыту мәселесі бойынша әдістемелік материалдарды жасау;
- кітапхана кадрларын біліктілігін жоғарылату және даярлау жүйесін ұйымдастыру;
- кітапхана қызметкерлеріне арналған семинарлар, практикумдар, конференцияларды даярлау және өткізу;

Бөлім облыстағы кітапхана ісін дамытуға алдын-ала және қысқа мерзімді бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға, кітапхана саясатын және тәжірибесін анықтайтын құжаттарды қалыптастыруға қатысады.

Орталықтандырылыған кітапхана жүйелерінің есептерді және статистика мәліметтерді зерттеу негізінде, жыл сайын ОКЖ қызметінің негізгі көрсеткіштерін қамтыған және облыстағы кітапхана ісінің жағдайын сараптайтын анықтамалықты шығарады, Павлодар өңірі кітапханаларының электронды ақпараттық-сараптамалық мәліметтер базасын құрайды. Бөлім маркетингтік зерттеулермен, жарнама және PR-қызметімен айналысады, кітапхананың мақсатты жобаларын іске асыруға жағдай жасайды.

Байланыс:

тел.: 8(7182) 32-44–97
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.