A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Тілтаным» тілдерді дамыту және үйрену бойынша Ресурстық Орталығы

Ереже

1. Жалпы ереже
1.1 «Тілтаным» тілдерді дамыту және үйрену бойынша Ресурстық Орталығы «Ана тілі» облыстық бағдарламаны және «Тілдердің үштұрлығы» мәдени жобаны жүзеге асыру бойынша шаралар аясында ұйымдастырылды.
1.2.Орталықтың серіктестері Павлодар облысы тілдерді дамыту бойынша басқармасы, «Қазақ тілі» облыстық қоғамы, Қазақстанда АҚШ елшілігі, қала жоғарғы орындары болып саналады.
1.3. Орталық қызметінің тәлімгері кітапхана басшысы.
1.4. Ресурстық Орталығы оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетеді, азаматтарға тілдерді дамытуға көмектесуде ақпараттық ресурстарға колжетімділікті қамтамасыз етеді.
1.5. Ресурстық Орталығы өз қызметінде басшылыққа алады:

2. Негізгі міндеттер
2.1 Тілдерді дамыту, үйрену және енгізу ықпал жасау үшін қосымша жағдай құру;
2.2. Тілдер ортасын пайдалану кеңістіктігін кеңейту;
2.3. Орталықты пайдаланушыларға ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсету;
2.4. «Тілдердің үштұрлығы» мәдени жоба аясында мемлекеттік және басқа тілдерді өзінше үйренуге жайлы жағдай құру;
2.5. Тіл ортасынқалыптастыруда және тілдерді пайдалану саласын кеңейтуде мемлекеттік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және барлық қызығушылық білдіретін мекемелермен өзара әрекет жасау;
2.6.Орталық бөлімінің жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды зерттеу(дайындау) және енгізу;
2.7. Орталық қызметінің ассортиментін тұрақты кеңейту;

3. Негізгі функциялар
3.1. Ресурстық Орталығының негізгі функциясы кітапхананың келесі құрылымдық бөлімшелері арқылы орындалады: оқу залы, әлемдік әдебиет залы, кітапханалық процестері бөлімі
- Оқу залы «Тіл өнері»халық университеті, аудармашылар Мектебімен жұмыс жүргізеді.
- Америка бұрышының жұмысын әлем әдебиеті залы ұйымдастырады, «My English», «Movie Club», «Ielts», «Kids» ағылшын тілін сүйетіндердің клубын жүргізеді.
- Бөлімдер аудандық және ауылдық кітапханалардың қызметкерлері үшін семинарлар, стажировкалар, мемлекеттік тілде ең жақсы әдебиетті насихаттау сайысы, әдістемелік-библиографиялық басылымдарды шығару арқылы жүзеге асырады.
- тілдерді үйренуге, оларды тұрмыста қолдануға ықпал жасайтын мәдени-көпшілік шаралар кешенін, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету жүзеге асыру;
- қызметкерлердің БАҚ-да сөйлеулерін, қоғамның қатысуымен жарнама-ақпараттық шараларды ұйымдастыру;
- Орталықты пайдаланушылар арасында қызметке сұраныс, ақпаратқа тапсырыс мониторингін өткізеді; нақты библиографиялық және фактографиялық анықтамаларды орындайды; Орталықты пайдаланатындарды оқытады және кеңес береді; «Қазақ тілі жаңа үйрене бастағандар үшін» АЖО пайдалануға береді, оқырмандар талабы бойынша деректер базасын құрады; электронды және баспа басылымдар қорын құрады; автоматизация бөлімі технологиялық процестерді сапасын көтеру және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

4. Орталықты басқару
4.1. Ресурстық Орталығының қызметі кітапхананың келесі құрылымдық бөлімшелері арқылы орындалады: оқу залы, әлемдік әдебиет залы, кітапханалық процестері бөлімі арқылы орындалады.
4.2. Жылсайын бөлімдер Орталық жұмысының жиынтық жоспары үшін шараларды ұсынады.
4.3. Орталық жұмысы Кітапхананың бірыңғай жұмыс жоспары негізінде құралады.
4.4. Жұмыс тәртібі өндірістік қажеттілігінен айқындалады және басшы бекітеді.

5. Кітапхананың басқа бөлімдерімен үйлестіру
5.1. Орталық алады:
- тілдерді үйренуге көмек ретінде қажетті электронды және баспа басылымдарын;
- жоспарлау және есеп беру бойынша нұсқаулар;
- бағдарламаны қамтамасыз қажет, нұсқама беру, сервистік қызмет көрсету үшін консультация беру;
5.2. Ұсынады:
- өз қызмет туралы ақпараттық және статистикалық жоспарларын, айсайын көрсеткіш бойынша статистикалық мәліметтерді: «келу», «құжаттарды беру», «пайдаланушылардың саны».

6. Жауапкершілік
6.1. Орталық жауапты:
- нағыз Ережемен жүктелген міндеттерді және функцияларды, Кітапхана басшылығының бұйрықтары және өкімдерін орындауға;
- пайдаланушылар және Кітапхана қызметкерлерінің Орталық қызметін пайдалану ережесін сақтауға;
- орталыққа келушілерге сапалы қызмет көрсетуге және жұмыс жоспарының көрсеткіштерін орындауға;
- есептік, жоспарлық және есеп беру құжаттарын және келтірілген мәліметтердің растығын уақытылы ұсынуға.