
Байланыс:
тел.: 8 (7182) 32-34-77
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық қызметінің ережесі
1. Жалпы тәртіп
1.1. Ақпараттық қызмет (кейін Қызмет) Павлодар облысы мәдениет басқармасының ҚММ С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық қызмет көрсетудің бір бөлігі болып саналады.
1.2. Ақпараттық қызмет оқырмандардың ақпараттық қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталған.
1.3. Ақпараттық қызмет – бұл пайдаланушылардың бір реттік сұрағына жауапты ақысыз орындау, оған библиографиялық, тақырыптық және(немесе) және фактографиялық ақпарат енеді.
2. Пайдаланушылар санаты
2.1. Ақпарат қызметіне жүгінгендердің жасына, біліміне және мекен-жайына қарамастан барлығына қызмет көрсетіледі. Ақпарат қызметіне пайдаланушылардың кітапхана оқырманы болмаса да пайдалануына болады.
3. Сұраныстарды қабылдау түрлері
Пайдаланушылардан түскен анықтама түрлері: нақты тақырып бойынша тақырыптық-библиографиялық ақпарат (басылымдар және атауларының, әдебиет тізімі); атаулы – С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорындағы нақты баспа және/немесе басқа басылымдар; библиографиялық деректерді анықтау – пайдаланушының сұранысындағы жоқ немесе бұрмаланған, библиографиялық жазба элементтерін анықтау немесе белгілеу, фактографиялық – оның жауабы фактографиялық деректерден тұрады. Сұраныстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалады. Іздеу қазақтілді және орыстілді ресурстар бойынша жүргізілді.
3.1. Кітап қорында бар нақты басылымға сұраныс қабылданады(кітаптар, журналдар, газеттер және т. б.)
3.2. Әлеуметтік-экономикалық, құқұқтық, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық сұрақтар бойынша тақырыптық сұраныстар қабылданады.
3.3. Кітап немесе мақала туралы деректерді анықтау: басылған жылы, беттер саны, басылым көзі, инвентарлық нөмірлер және т.б.
3.4. Нақты фактографиялық деректерді айқындау: термин мағнасын, аббревиатураны ажырату, тарихи және мәдени оқиғалар күндерін т.б.
3.5. Сізді қызықтыратын тақырып бойынша баспа басылымдарының тізімін талап ету.
3.6. Кейбір жағдайда нақты ақпарат ізделінгенде Ғаламтор ресурстарының көмегі арқылы орындалады
3.7. Телефон бойынша анықтама қызметі бар 8(7182)32-34-77
4. Негізгі шектеулер
4.1. Егер тапсырма кітапхананың ұйымдастыру мүмкіндігінен және техникалық аясынан шықса, анықтама қызметі сұранысты орындамайды.
4.2. Жалпылау тақырыбы белгісіз болса, не қажет керегін анық білмесе, ғылыми жұмыстарды дайындау үшін материалдарды(рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар) табу бойынша өтініш қаралмайды.
4.3. Оқулық есептерді шешуге, бос уақытты өткізу және коммерциялық сипаттағы ақпаратты іздеу бойынша сұрақтар қабылданбайды.
4.4. Мектеп бағдарламасы орындалмайды (мысалы, көркем шығармалардың мәтінін талдау, шығарманың мәтінін білуге арналған тексеру сұрақтары)
5. Анықтаманы орындау
5.1. Анықтаманы ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлері орындайды.
5.2. Анықтаманы орындаушы маман оған жауапты.
5.3. Анықтаманы кітапхана қызметкерлері екі күн ішінде орындайды.
5.4. Сұраныстар барлық жұмыс аптасы бойы қабылданады (дүйсенбі- жексенбі) және олардың қабылданған реті бойынша орындалады. Демалыс күні(жұма) сұраныстар қабылданбайды
5.5. Егер пайдаланушы сұранысында бірнеше сұрақтар болса, маман олардың біреуіне маман өз қалауы бойынша жауап береді.
6. Анықтаманы орындау үшін ақпараттық-библиографиялық ресурстар
6.1. Сұраныстарды орындау үшін кітапхананың ақпараттық-библиографиялық аппарат.
6.2. «Параграф», «Заң», Интернет анықтама-іздеу жүйелері.
7. Анықтаманы орындау үшін бақылау және үйлестіру
7.1. Ақпараттық-библиографиялық аппараттың жағдайына бақылауды библиограф жүргізеді
7.2. Анықтаманы орындау үшін бақылауды ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі орындайды.