A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Анықтама» орталығы

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың анықтама қызметі туралы ереже

1.1. Анықтама қызметі (кейін Қызмет) Павлодар облысы мәдениет басқармасы «С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ ақпарттық қызметінің бір бөлігі.
1.2. Анықтама қызметі оқырмандардың ақпаратқа деген сұранысын толық қанағаттандыруға бағытталған.
1.3. Анықтама қызметі – бұл пайдаланушылардың бір реттік сұрағына ақысыз жауап беру, олар библиографиялық, тақырыптық және(немесе) фактографиялық ақпараттарды енгізу.

2. Пайдаланушылардың санаты
2.1. Анықтама қызметін жүгінген пайдаланушылардың барлығына олардың жасына, біліміне және мекен-жайына қарамай қызмет көрсетіледі. Пайдаланушылар кітапхана оқырманы болмаса да, анықтама қызметіне жүгіне алады.

3. Қабылданатын сұрақтар типтері
Пайдаланушылардан түскен анықтамалар (түрлері): нақты тақырып бойынша тақырыптық-библиографиялық ақпарат(басылымдар немесе атаулар, әдебиеттер тізімі); мекендік- нақты басылымдар туралы және/немесе С. Торайғыроватындағы облыстық кітапхана қорындағы басқа басылымдар; библиографиялық деректерді анықтау- библиографиялық жазбалардың, пайдаланушылар сұранысындағы жоқ немесе бұрмаланған элементін анықтау; фактографиялық – фактографиялық деректер бар жауаптар. Сұраныстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалады. Іздеу қазақтіліндегі және орыстіліндегі ресурстар бойынша жүргізіледі.
3.1. Кітапхана қорында бар нақты басылымдардарға (кітаптар, журналдар, газеттер) сұраныс қабылданады.
3.2. Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, гуманитарлық, ғылыми- жаратылыстану және техникалық сұрақтар бойынша тақырыптық сұранстар қабылданады.
3.3. Кітап немесе мақала туралы мәләметтерді анықтау: басылған жылы, беттер саны, басылым көзі, инвентарлық нөмірі және т. б.
3.4. Нақты фактографиялық мәліметтерді: термин мәнін, аббревиатуралар мағнасын , тарихи және мәдени уақиғалардың уақытын анықтау.
3.5. Сізді қызықтыратын тақырып бойынша баспа басылымдарының тізімін сұрау.
3.6. Кейбір жеке жағдайда Ғаламтор ресурстары арасындағы нақты ақпаратты іздеуге көмектесу.
3.7. Телефон бойынша анықтама қызметі бар: 8(7182)32-34-77

4. Негізгі шектеулер
4.1. Егер тапсырма кітапхананың техникалық және ұйымдастыру мүмкіндігі аясынан артса, анықтама қызметі бұл тапсырманы орындамайды.
4.2. Ғылыми жұмыстарды(рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар дайындау үшін материалды табу, белгісіз жалпылау, нақты не қажет екені көрсетілмеген тақырып бойынша өтінінген сұрақтар қабылданбайды.
4.3. Оқу есебін шешуге, бос уақытты өткізуге және коммерциялық сипаттағы ақпаратты іздеу бойынша сұрақтар қабылданбайды.
4.4. Оқулық тапсырмалар(мысалы, көркем шығарма мәтінінің талдауы, шығарма мәтіні бойынша тексеру сұрақтар) орындалмайды.

5. Анықтаманы орындау
5.1. Анықтаманы ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлері орындайды.
5.2. Анықтаманы орындаушы маман оған жауапты.
5.3. Анықтаманы кітапхана қызметкерлері екі күн ішінде орындайды.
5.4. Сұраныстар барлық жұмыс аптасы бойы қабылданады (дүйсенбі- жексенбі) және олардың қабылданған реті бойынша орындалады. Демалыс күні(жұма) сұраныстар қабылданбайды
5.5. Егер пайдаланушы сұранысында бірнеше сұрақтар болса, олардың біреуіне маман өз қалауы бойынша жауап береді.

6. Анықтаманы орындау үшін ақпараттық-библиографиялық ресурстар
6.1. Сұраныстарды орындау үшін кітапхананың ақпараттық-библиографиялық аппарат.
6.2. «Параграф», «Заң», Интернет анықтама-іздеу жүйелері.

7. Анықтаманы орындау үшін бақылау және үйлестіру
7.1. Ақпараттық-библиографиялық аппараттың жағдайына бақылауды библиограф жүргізеді
7.2. Анықтаманы орындау үшін бақылауды ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі орындайды.