A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Тілтаным» мемлекеттік тілді оқыту мен дамыту бойынша ресурстық орталығы» жобасы

«Тілтаным» ресурстық орталығы» 2006 жылы қараша айында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бастамасы бойынша және оның базасында ашылды.

«Тілтаным» тілдерді оқыту және дамыту ресурстық орталығы» облыстық «Ана тілі» және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы бағдарламасы жүзеге асыру бойынша шаралар аясында ұйымдастырылды.

Мақсаты:
- мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асыруға ықпал жасау; тілді үйренуге көмектесетін ақпараттық ресурстарға азаматтардың қолжетімдігі;

Міндеттері:
- тілдерді үйрену және енгізу, дамытуға ықпал жасайтын қосымша жағдай құру;
- Орталықты пайдаланушыларға ақпараттық кітапханалық қызметі;
- «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жоба шеңберінде, мемлекеттік және басқа тілдерді дербес үйренуге мүмкіндік жасау;
- мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен және барлық қызығушылық танытатын органдармен тілдік ортаны құру және тілдерді қолданушылар аясын кеңейту.

Серіктестері: Павлодар облысы тілдерді дамыту бойынша басқармасы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамы, Новосібір облыстық кітапханасы (РФ), ҚР-ғы АҚШ елшілігі, қаланың оқу орталықтары.