A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Туған жердің әуендері» көрмесі

09 Қараша 2017

2017.11.09 3 2017.11.09 4

9 қараша күні облыстық кітапхананың «Айна» галереясында белгілі суретші А.Қисамиденованың «Туған жердің әуендері» атты көрмесі ашылды. Суретшінің туындылары портрет, пейзаж жанрларында салынған. Көрмеге суретшінің туған жерге сүйіспеншілік тақырыбындағы әсем табиғатты бейнелейтін туындылары қойылған. Пейзаж жанрында Іле Алатауы бейнеленген. «Дала сұлулары» сериясының портреттеріндегі әйел образдары қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін айқындайды. Бүгін павлодарлықтарға таныстырылған көрме Омбы қаласында қойылып, табысқа жетті. Алтын Ибраевна шығармашылық жұмысымен педагогикалық қызметті де қатар атқарады.

Ол Көркемсурет колледжінде арнайы пәндерді жүргізеді. Әр түрлі дәрежедегі білім беру қызметкерлерінің байқауларында жеңімпаз атанды. Тұсаукесерге Павлодар суретшілер одағының мүшесі, облыстық көркем мұражайдың өнертанушысы М.Б.Хусаинова, автордың әріптесі О.Н.Кошелева қатысты. Көрменің алғашқы келушілері - қаланың коледж студенттері, №37 мектеп оқушылары.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту