A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітап көрмесі

27 Қараша 2017

2017.11.27. 01 2017.11.27. 02

27 қараша күні облыстық кітапханада  1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі ашылды. Оқырмандар назарына Мемлекет басшысының  өмірі мен еңбегі, шығармашылық жолы, елдің дамуы мен сыртқы саясаттағы рөлі, Елбасының сәтті жобасы- Астананың көркейіп өркендеуі, «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы туралы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен даралығын дәріптейтін  қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілінде бернеше ондаған әдебиеттер ұсынылды.

Іс- шараға Елбасының қабылдауында болып, жүздесу бақытына ие болған Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы, облыстық маслихат депутаты   Э. Паули, ПМПИ студенті Д. Тәжібаев  қатысты. Көрмені ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің сарбаздары, облыстық мамандандырылған әскери мектеп- интернатының оқушылары,   6679 әскери бөлімінің сарбаздары, Павлодар облыстық төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері және   оқырмандар тамашалады.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту