A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Ғылымда өшпес із қалдырған» дәріс

29 Қараша 2017

2017.11.29 01 2017.11.29 02

29 қарашада облыстық кітапханада «Тіл өнері» халық университеті аясында әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовтың туғанына 85 жыл толуына  арналған «Ғылымда өшпес із қалдырған» атты дәріс өтті. Б. Уахатов «Қазақтың халық өлеңдері»,  «Таланттар, туындылар», «Қазақтың тұрмыс – салт жырларының типологиясы» атты кітаптардың және қазақ фольклорының мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің авторы.

Шараға профессор С. Н. Сүтжанов, Б.Уахатовтың туысы, ұстаз С.Б. Боранбаев, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы Д.К. Қажыбаева, ПМПИ және педагогикалық колледждің студенттері қатысты. Кітапханашылар «Халықтың маржан сөзін қадірлеген» атты кітап көрмесі әдебиеттеріне шолу жасады.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту