A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері» web - жобасының тұсаукесері

30 Қараша 2017

2017.11.30 01 2017.11.30 02

30 қарашада облыстық кітапханада «Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері» атты жаңа web - жобаның тұсаукесері өтті. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалып, Павлодар облысының 80 жылдығына арналған. Көптеген танымал ақын, актер, режиссер, музыкант, суретшілердің тағдыры біздің өңірмен тығыз байланысты, олар өңірімізде мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты.

2017.11.30 03 2017.11.30 04

«Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері» атты электронды ресурсқа Павлодар облысының мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы құрылымдалған мәліметтер жинақталған. Тұсаукесерге зиялы қауым, Павлодар ақындары, жазушылары, суретшілері мен кітапхана оқырмандары қатысты. ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ақын Алақанұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі С.А. Горбунов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі В.Ф.Поликарпов, Шафер музей үйінің басшысы Т.С.Корешкова сөз сөйледі.Жобалық қызмет – облыстық кітапхананың өңір дамуына қосқан үлесі. Облыстық кітапхана үнемі шығармашылық ізденіс үстінде және біз «Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері» жобасының өз аудиториясы болады, жоба оқырмандар арасында қызығушылық тудырады деп сенеміз.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту