A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Айтолқын» лекториясының отырысы

04 Желтоксан 2017

2017.11.30 07 2017.11.30 08

30 қарашада облыстық кітапханада жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын «Айтолқын» лекториясының отырысы өтті. Бағдарламада: бейнебаян тұсаукесері, кітап көрмесіне шолу, сонымен қатар СӨС бойынша брошюраларды тарату. Іс – шараның мақсаты: денсаулық жағдайына кері әсер ететін факторларына оқушылардың назарын аудару - ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, дұрыс емес тамақтану, күйзеліс.

Іс – шараға №7 ЖОМ-нің 8 – 9 сынып оқушылары қатысты. СӨС орталығының медициналық қызметкері Сақанова Гүлнара Бейсенбекқызы «Зиянды әдеттерге жол жоқ» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізді. Оқушылар нашақорлық, дұрыс тамақтану тақырыптарын талқылауға белсенді қатысып, электронды темекіні шегу туралы және т.б. сұрақтар қойды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту