A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Тәуелсіздік – ел тірегі» кітап көрмесінің ашылуы

13 Желтоксан 2017

2017.12.12 1 2017.12.12 2

12 желтоқсанда облыстық кітапханада Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тірегі» кітап көрмесі ашылды. Көрмеде қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихы, Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер таныстырылған. Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен еліміздің жеткен жетістіктеріне ерекше назар аударылды.

Ерекше бөлім азаттық қозғалысқа және азаттық үшін күреске үлес қосқан тарихи тұлғаларға арналған. Көрменің ашылуына «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің өкілі Қ.Қ.Батталов қатысты. Іс - шара қонақтары - көркемсурет колледжінің студенттері, №5 мектеп, №8 лицей оқушылары мен кітапхана оқырмандары.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту