A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел

13 Желтоксан 2017

2017.12.13 1 2017.12.13 3

13 желтоқсанда облыстық кітапханада Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығы мамандарының қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған «Независимость: от истоков к современности» дөңгелек үстелі өтті. Кездесудің құрметті қонақтары - профессор, филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі А.Ф.Зейнулина, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Н. Дәуенов.

Кездесу барысында отандық тарихтың мәселелері қарастырылды: қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, егемен Қазақстанның қалыптасуына ұлт – азаттық қозғалыс батырлары мен «Алаш» партиясы мүшелерінің қосқан үлесі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Айман Зейнулина естеліктерімен бөлісті.
Қатысушылардың назарына «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылды. Іс - шара «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы А.Лодочниковтың орындауындағы «Бұлбұлым» халық әнімен аяқталды.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту