A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

КжКК студенттері көрмені тамашалады

16 Қаңтар 2018

2018.01.16 09 2018.01.16 10

16 қаңтар күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға Көлік және Коммуникациялар колледжінде «Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару», «Радиоэлектроника және байланыс», «Теміржол құрылысы және жол шаруашылығы» бөлімдерінде оқитын студенттер келді.

Экскурсанттар кітапхананың барлық бөлімдерінде болып, жаңа технологиялармен танысты. Экскурсияның басты мақсаты - Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «Павлодар Ертіс өңірінің шежіресі» көрмесін тамашалау. Кітапхана қызметкерлері өңірдің тарихы мен дамуы туралы деректермен, кітапхана қорында бар Павлодар облысына арналған басылымдармен таныстырды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту