A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Б. Краснянский фотокөрмесінің баспасөз аңдатпасы

17 Қаңтар 2018

2018.01.17 07 2018.01.17 08

2018 жылдың 20 қаңтарында сағат 15.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Павлодар облысының 80-жылдық мерейтойының шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Краснянский Борис Захаровичтің дербес фотокөрмесі ашылады. Көрмеге автордың 40 фотожұмыстары қойылады.

Автор – «ОРИОН» фотоклубының мүшесі (1975 ж.), Ресей фотосуретшілер Одағының мүшесі, Бүкілодақтық өнерпаздар шығармашылығы байқауының 2 мәрте лауреаты, «Тёмный фонтан» француз фотографиялық қоғамының құрметті мүшесі, Бүкілодақтық «Родина любимая моя» телевизиялық байқауының дипломанты, елде және шетелдерде көрмелердің лауреаты. Экс-ан-Прованс қаласындағы «Фонтан обскур» фотосүюшілер қоғамының шақыртуы бойынша екі рет Францияға барды (1993 және 2014 ж.ж.). Автордың фотографияға деген қызығушылығы жоғары, ол пейзажды, портретті, архитектураны, жанрлық суреттемелерді жақсы көреді. Борис Захарович Краснянский 1933 жылы 21 қаңтарда Ростов облысы Миллерово қаласында дүниеге келді. Фотографиямен мектеп кезінен жасынан әуестенді. Оның алғашқы фотоаппараты 1943 жылы «Rolleyflex» болды. Фотографиямен нағыз айналыса бастағанда «Фотокор» фотоаппаратын пайдаланды. Кейін өзі диафрагма сақиналарын басқару және фотообъективті көздеуге арналған арнайы құрылғыны дайындады. 1962 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрады. Фотокөрме автордың 85 жылдығына арналған.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту