A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Азия тілдерінің онкүндігі

16 Ақпан 2018

2018.02.16 01 2018.02.16 02

5-15 ақпан аралығында халықаралық кітап секторында «Азия халықтарының онкүндігі» өтті. Іс-шараға Павлодар қаласы №17, №5,№4, №11,№9,№24, №7 мектептерінің және Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушылары қатысты.

Мектеп оқушыларына ақпарат күні жүргізілді. Ақпарт күнінің бағдарламасы: кітапхана бойынша экскурсия, «Электронды каталогпен жұмыс істеу» сабағы, кітап экспозицияларына библиографиялық шолулар, кітапхана бөлімдері туралы ақпарат және Азия тілдері туралы жедел ақпарат.

Онкүндік Азия тілдерінің тарихына, жазылу емлесі, айтылу ережелеріне, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына арналды. Іс-шаралар барысынында қатысушыларға бейнероликтер, аудиожазбалар, тақырыптық көрмелер ұсынылды. Келушілер өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, пікірлерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту