A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Юрий Поминовтың «Как я был...» кітабының тұсаукесері

21 Ақпан 2018

2018.02.21 03 2018.02.21 04

20 ақпанда облыстық кітапханада танымал павлодарлық журналист, публицист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің шолушысы Юрий Поминовтың «Как я был...» кітабының тұсаукесері өтті. Автордың жаңа кітабы балалық шағы, жасөспірім кезіңі, ер жеткен шағы, өмірінің бақытты кезеңдері туралы басқа кітаптарының жалғасы. Бір жағынан көркем биография, екінші жағынан өз өміріне деген кекесін көзқарас.

2018.02.21 05 2018.02.21 06
Сонымен қатар, оқырмандарға 2017 жылы жарық көрген «Просто жизнь...Записки редактора» кітабы ұсынылды, бұл облыстық «Звезда Прииртышья» газеті редакторының күнделік жазбалары негізінде құрылған алтыншы кітабы. Туындыда 2004 жылғы қаңтар - желтоқсан аралығындағы кезең туралы баяндалады.
Тұсаукесерге оқырмандар, олардың ішінде автордың жаңа кітабының кейіпкерлері, сонымен қатар ардагерлер, өлкетанушылар, журналистер, тарихшылар, оқытушылар, студенттер қатысып, өз әсерлерімен бөлісті және құттықтау сөздерін айтты. Кездесу жаңа кітап мерекесіне айналды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту