A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Ел жүрегі - Астана» атты III республикалық жас ақындар мүшәйрасы

22 Ақпан 2018

2018.02.22 02 2018.02.22 01

2018 жылғы 27 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ.) Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ел жүрегі -Астана» атты III республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Мүшәйраға қатысу үшін Республикамыздың барлық мектептерінің 5 – 11 сынып оқушылары шақырылады.

Жас ақын додаға Астана қаласына арналған бір арнау өлеңімен және еркін тақырыпта жазылған бір өлеңімен (2 өлең) қатысады. Қатысушылар өздері жайлы толық ақпаратты және байқауда орындалатын шығарманы ұйымдастырушының электронды адресіне жолдауы керек. Тізімдеу 2018 жылғы 20 наурызға дейін жүргізіледі. Мүшәйраға қатысу жарнасы 15 000 (он бес мың) теңге. Жол шығыны мен тамақтануы және тұрақтауы қатысушы тарапынан.
Мүшәйра ұйымдастырушысы – «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры.
Басқа да сұрақтар мен толық ақпаратты алу үшін келесі байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз: 8 (775) 168-71-35; 8(707) 462-04-07 (Абылай).

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту