A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Жүрек ауруларының алдын алу

22 Ақпан 2018

2018.02.22 03 2018.02.22 04

21 ақпанда облыстық кітапханада «ЗОЖ» клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы: «Жүрек ауруларының алдын алу. Күретамыр гипертониясы пайда болуының факторлары». «Салауатты өмір салтын қолдау орталығының» дәрігері К.К. Сакенов жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларының ерекшеліктерін, диагностика және күретамыр гипертониясын емдеу жолдарымен таныстырды.

Әңгіме барысында дәрігер артық салмақ, жүріс – тұрысы аз өмір салты, ішімдік ішу, теңгерімсіз тамақтану, темекі шегу, күйзелістер секілді факторларға ерекше назар аударды, олар күретамыр гипертониясының дамуына әсер етеді.  Іс – шара қонақтары артериялық қысымды өлшеу техникасын үйренуге белсене қатысты. Қатысушыларға «Сердце под защитой» әдебиеттер шолуымен таныстырылды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту