A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» арнайы оқу құралының тұсаукесері

27 Ақпан 2018

2018.02.27 01 2018.02.27 02

27 ақпанда облыстық кітапханада Ш.Д. Кинжикованың көзі нашар көретін және көрмейтін адамдарға арналған, рельефті – нүктелік форматтағы қазақ және орыс тілдеріндегі «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» арнайы оқу құралының тұсаукесері өтті.

Іс – шара қатысушылары – қазақ – түрік лицейінің, №25, №7 мектептердің, көзі нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін арнайы облыстық мектеп – интернет оқушылары және қазақ тілінің мұғалімдері. Тұсаукесерде көзі нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың басшысы Ж.К. Кенжебекова, Брайль қарпі бойынша оқу құралын терген қызметкерлер сөз сөйледі. Кітапхана қызметкерлері «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» кітап көрмесін ұйымдастырды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту