A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Шолпан Байғалының шығармашылық кеші

28 Ақпан 2018

2018.02.28 05 2018.02.28 06

28 ақпанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ақын, журналист Шолпан Байғалының «Жүректен шыққан сырлы сөз» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш қонақтары – ақын - жазушылар, журналистер, студенттер, ҚР ІІМ тыңдармандары.

Павлодарлық композитор А. Әбдыкаримов ақынның сөзіне жазылған «Қайдасың» әнін орындаса, белгілі әншілер С. Арынғазина мен А. Ботаева әннен шашу шашты. Жерлес ақын, журналист А. Оралхан жетекшілік ететін «Өркен» жас ақындар клубының мүшелері іс – шараға белсенді қатысты. Жас ақындар өз тәлімгері Шолпан Байғалыны айтысқа шақырды, ол жастарға өзінің суырып салма ақындығын көрсетті.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту