A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Қош келдің, әз-Наурыз» әдеби – музыкалық композициясы

17 Наурыз 2018

 2018.03.19 01 2018.03.19 02

17 наурыз күні облыстық кітапханада шуағын шашқан Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» әдеби – музыкалық композициясы өтті. Мақсаты – балаларды қазақ ұлттық салт – дәстүрлермен, әдет – ғұрыптармен таныстыру және білім қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылық тудыру.

Іс – шара барысында дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушылары викторина сұрақтарына жауап берді, қазақша мақал – мәтелдер мен жаңылтпаштар айтып, сайысты. Жеңімпаздар жүлделермен және сыйлықтармен марапатталды. Музыкалық мектеп оқушылары Н. Омар және М. Бейсен қазақ композиторларының күйлерін орындады. Оқушылар назарына кітапхана қорынан «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз - Праздник этот – чудо обновленья» атты кітаптарға шолу таныстырылды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту