A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Кітапханаларды жаңғырту – қоғамдық сананы жаңғырту» облыстық семинары

28 Наурыз 2018

2018.03.28 07 2018.03.28 08

28 наурызда облыстық кітапханада ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «Кітапханаларды жаңғырту – қоғамдық сананы жаңғырту» облыстық семинары өтті. Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі облыс кітапханаларының 2017 жылғы қызметін қорытындылады.

А.А. Жилкибекова - «Павлодар облысы бойынша әртүрлі ведомствалардағы кітапханалар жүйесі», Г.Е. Иванова - «Модернизация сельских библиотек Павлодарской области. Первые шаги» талдауын ұсынды. Ауыл кітапханаларын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы пікір алмасу өтті.
Семинар шеңберінде кітапхана қызметінің өзекті мәселелері: қормен, электронды каталогтармен жұмыс, ауыл кітапханаларының жұмыс кестесін талқылау, орындарда коворкинг орталықтар жасау бойынша ұйымдастыру сұрақтары жайында облыс ОКЖ директорларының жиналысы өткізілді.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту