A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Павлодарлықтар-соғыс батырлары» кітап көрмесі

13 Қаңтар 2015

2015.01.13 02

2015 жылғы 1 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Қайырбаев Махмет Қайырбайұлының туғанына 90 жыл толды. Кітапхананың оқу залында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына және М. Қайырбаевтың туғанына  90-жыл толуына  арналған «Павлодарлықтар-соғыс батырлары» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Ұлы Отан соғысы  батырының өмірі және қызметі туралы, оның майдандастарының  және әріптестерінің естеліктері баяндалған кітаптары қойылды. «Воспоминания о Герое Советского Союза М.Каирбаеве» кітабы батырдың  жан-жақты тұлға ретінде көрсетеді, кітапқа батырға арналған өлеңдер енген. Павлодарлық  авторлар М. С. Терениктің  «Почетные граждане г.Павлодара», «Павлодарцы на полях сражений»,  Е.Азаровтың  «Эскизы характеров, ушедших в историю», «Подвиг павлодарцев в памяти народной»  кітаптары бұл ғажап адаммен таныстырады.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту