A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Рухани жаңғыру – мемлекеттілік нышаны» дөңгелек үстелі

29 Наурыз 2018

2018.04.03 01 2018.04.03 02

29 наурызда Павлодар облысының ТЖ департаментінде әр түрлі бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру – мемлекеттілік нышаны» дөңгелек үстелі өтті. Кездесудің тақырыбы: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты алты бағыттарын талқылау.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың халықаралық кітап секторының басшысы Ә.Ж. Сүлейменова баяндамасын «Туған жер» жобасына арнады, оны жүзеге асыру үш нақты бағытты қарастырды. Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Қ.Х. Асқарова біздің еліміздің әр азаматын терең толғандырған: болашаққа талпынған халықты рухани дамыту, туған жер мен мәдени мұраны, білім қазынасы, прагматизм, сананың ашықтығы мәселелерін көтерді. Штаб тобының бас маманы Г.К. Окатаев жастарды отансүйгіш рухында тәрбиелеу туралы сөз қозғады. Қазақ тілін латынға көшіру мәселесі үлкен қызығушылықпен талқыланды. Ардагерлер Кеңесінің төрағасы жеке мұрағатынан 1935-37 жылдары латын ғарпімен жазылған құжаттарды ұсынды. Кездесу соңында барлық қатысушылар үлкен қызығушылықпен кітап көрмесімен және Мемлекет басшының жаңа туындыларымен танысты.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту