A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«BIBLIO-демалыс» Жазғы оқуларының ашылуы

14 Маусым 2018

2018.06.14 09 2018.06.14 06

14 маусым күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «BIBLIO-демалыс» Жазғы оқулардын  ашылуы өтті. № 39 ЖОМ мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушылары кітапханаға келді.

2018.06.14 07 2018.06.14 08

 

Балалар үшін бірден үш алаңы жұмыс істеді. Біріншісі – оқу залында – Дүниежүзілік экология күніне орай «Табиғатты құтқару шеңбері» атты экологиялық десант. Балалар «Вопросы от букашек» инерактивті ойынын ойнады, ботаника, зоология және география салалары бойынша білімдерін көрсетті, қазіргі экологиялық жағдай туралы роликті тамашалап, оны талқылады. Әр бала өзінің жанына жақын шараға қатысты: біреулері «Бірегей жәндіктер әлемі» кресс – кроссвордын шешті, басқалары бояумен сурет салды. Қалғандары алаңға шығып қимылды ойындар ойнады.
Екіншісі – коворкинг - орталығында Г. Остердің мультфильмдерін тамашалап, танымал балалар әдебиетінің шығармалары бойынша викторина өтті. Балалар шығармашылығының секторында әдеттегідей қызықты шара ұйымдастырылды. Балалар түрлі-түсті қағаздан және пластелиннен бұйымдар жасап, оларды естелік ретінде өздерімен алып кетті.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту