A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Астана мен Вашингтон «Астана-Вашингтон: достық сәулеті» қаланың көрікті жерлерінің сайыс-көрмесіне қатысу

22 Маусым 2018

2018.06.22 01 2018.06.22 02

19-22 маусым аралығында балалар әдебиет бөлімінің оқырмандары «Астана – Вашингтон: достық сәулеті», Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақтағы қарым-қатынастарды атап өтуге арналған сайысына қатысу үшін макеттер жасады.

Сектор жетекшісі Дана Рахимжанова балаларды макет жасау сайысының ережесімен таныстырды, Астана мен Вашингтонның көрнекті орындары туралы әңгімеледі және интербелсенді тақтада екі қаланың: Бәйтерек, Ақ Орда, Хан Шатыр, ҚР Ұлттық мұражайы, Вашингтон ескерткіші, Капитолий, Линкольн мемориалы, Пентагон және т.б. көрікті жерлерін көрсетті. Балалардың әрқайсысы өз қолдарымен жасай алатын ғимаратты таңдап алды. Ертең, 23 маусым күні макет жасау сайысына қатысушылардың қорытындысы шығады. Балалар сайыстың нәтижелерін тағатсыздана күтуде.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту