A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Ұлылардың ұлысы – Абай

20 Тамыз 2018

2018.08.20 02 2018.08.20 03

20 тамызда облыстық кітапханаға № 5512 ә/б әскери қызметкерлері келді, олар үшін кітапхана қызметкерлері «Ұлылардың ұлысы – Абай» әдеби-музыкалық кешін өткізді. Солдаттар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтермен танысты, оларға қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында Бұхар Жырау атындағы музейдің өнер бөлімінің басшысы Оразбек Бақытхан Абайдың әнін шырқады.

Әскерилер Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беретін кітаптармен және автордың туындыларымен таныстырылды. Сонымен қатар, облыстық кітапхананың залдары мен бөлімдері бойынша экскурсия өткізілді.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту