A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Жасөспірімдік жүктілік – бұл әлеуметтік мәселе

04 Қыркүйек 2018

2018.09.04 01 2018.09.04 02

2018 жылдың 4 қыркүйек күні әлеуметтік және мәдени даму мәселелері бойынша облыстық мәслихат комиссиясы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Жасөспірімдік жүктілік – бұл әлеуметтік мәселе» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық басқармалар, қалалық білім беру бөлімдерінің, үкіметтік емес мекемелердің басшылары, ата-аналар комитетінің өкілдері және т.б шақырылған. Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары басты назарды мемлекеттік органдардың әрекетін оқу орындарымен , жасөспірімдерді тәрбиелеу, жыныстық өмірді ерте бастаудың алдын алу мәселелері бойынша балалар және жасөспірімдік ұйымдармен бірігіп жұмыс жасауының қажеттілігіне аударды.

Облыстық мәслихат депутаты – Оспанова А.Қ. қатысуымен жүргізілген талқылау, ювенальды полиция басшысы – Камзина Б. Т. есеп беруімен және жасөспірімдік бас акушер–гинеколог Мұқажанова Ғ.Ж. жастарға арналған Денсаулық үйін ашуы туралы ұсынысымен толықтырылды. Іс-шара жасөспірімдік жүктіліктің, түсік жасаудың және де кәмелетке толмаған жас аналардың нәрестелерінен бас тартуының алдын алуға бағытталған шараларды құрумен аяқталды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту