A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Библио-глобус» әдеби-географиялық викторинасы

20 Қыркүйек 2018

2018.09.20 02 2018.09.20 04

19 қыркүйек күні облыстық кітапханада Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушыларына арналған «Библио-глобус» атты әдеби-географиялық викторина болып өтті. Аталмыш шараның қазылар алқасы мүшелері ретінде ПМПУ-нің география және химия кафедрасының аға оқытушысы – М. К. Омаров және облыстық кітапхана қызметкері – Г. Е. Иванова қатысты.

Кітапхана қызметкерлері оқушыларға география мен әдебиет пәндерінен бейне – викторина ұсынды. Ойынның әр сатысының сұрақтары слайд түрінде көрсетіліп отырды, әр топтың жанкүйерлері ауызша сұрақтарға жауап беріп өз сыныбына қосымша балл жинады. 10 «А» сыныбы жеңіске жетіп, дипломмен марапатталды. Құрмет қағаздары мен фантастика жанрындағы кітаптар барлық ойыншылар үшін жағымды тосын сый болды.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту