A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Еңбек күні

27 Қыркүйек 2018

2018.09.28 01 2018.09.28 02

27 қыркүйек күні облыстық кітапханада Еңбек күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биыл бұл мереке біздің елімізде бесінші рет аталып өтуде. Облыстық кітапхана қызметкерлеріне құттықтау сөзбен С. Торайғыров атындағы БӘҒК басшысы Ш. Б. Шахметова, кәсіподақ комитетінің төрағасы С. А. Жанкаринова, БӘҒК басшысының орынбасары Б. Б. Байжанова, ақпараттық-библиографиялық камтамасыз ету бөлімінің басшысы М. Ж. Исакаева жылы лебіздерін білдіріп, ортаға шықты.

Мереке құрметіне орай облыстық кітапхананың бірқатар қызметкерлеріне алғыс хаттар және медальдар табысталды. Оқу залының басшысы Г.Э. Кудайбергенова Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсалқасымен, ақпараттық-библиографиялық камтамасыз ету бөлімінің басшысы М. Ж. Исакаева Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсалқасымен, оқу залы секторының басшысы С.С. Оспанова Астана қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының алғыс хатымен марапатталды. Кәсіподақ ұйымының атынан барлық қызметкерлер тәтті сыйлыққа ие болды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту