A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

Ақын Константин Семенюктың шығармашылық кеші

29 Қыркүйек 2018

2018.10.02 05 2018.10.02 06

29 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубының шеңберінде ақын, Қарағанды өңірінің тумасы Константин Георгиевич Семенюктың шығармашылық кеші болып өтті. Аталмыш кешке клуб мүшелері және Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері атсалысты.

Әр жылдары шығарылған жинақтарындағы лирикалық сазды жырлар, өлең жолдары поэтикалық өрнекпен авторлық орындауда ырғақталды. Ақынның «Для милых Дам» жинағындағы махаббат лирикасы нәзік жандылардың жүрегінен орын алып, сезімге бөлеген болса, ал «Память сердца», «По велению души» жинақтырының жан тебірентер өлеңдерін кеш қонақтары қосыла орындады. Кереку өңірі жайлы музыкалық композициялар Васина Любовь, Юнеман Галинаның орындауында шырқалды.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту