
4 қазан күні сағат 11-00 де Ұстаздар мерекесі қарсанында облыстық кітапханада «Ұстаз» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Кітап Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, «Құрмет Белгісі» орденінің кавалері, ұстаз Мұсахан Қанапияұлына арналған.
Аталмыш тұсаукесер оның 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Кеш қонақтары - М. Қанапияұлының қызы Раушан - саяси ғылымдардың докторы, «Еуразия әйелдері форумы» РҚБ Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ресей Мемлекеттік Думасының ұлттар істері жөніндегі қоғамдық сараптау комиссиясының мүшесі, және немересі Шыңғыс Қанапьянов – «Еуразиялық мәдениет қоры» қоғамдық қорының вице-президенті. Іс-шараға М. Қанапьяновтың оқушылары, әріптестері қатысады.