A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Бір ел – бір кітап» әдеби сағаты

04 Қазан 2018

2018.10.05 03 2018.10.05 04

4 қазан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Мамандандырылған әскери мектепте «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған іс - шара өткізді. Кітаптардың авторлары - Немат Келімбетов, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Бауыржан Момышұлы.

Іс - шара барысында көрермендер назарына акция тарихы, 2018 жылғы кітаптар туралы ақпарат, кітап көрмесі бойынша шолу, ақын – жазушылардың өлеңдері мен қанатты сөздері, туындылары туралы әңгімелер ұсынылды. Курсанттарға «Бір ел – бір кітап» бейнеролигі көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері Шәкәрімнің өлеңдерін оқыды.

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту