A- A A+

Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін: қолжетімді кітапхана қоры, электронды оқырман билеті, тегін Интернет, WiFi. Сіздерді күтеміз!

«Тәуелсіз елдің берік қорғаны» атты кездесу кеші

06 Мамыр 2015

2015.05.05 04 2015.05.05 05

5 мамырда облыстық кітапханада Қазақстанның Қарулы Күштері күні мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің берік қорғаны» атты кездесу кеші өтті. 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Қарулы Күштердің ардагерлері мен барлық әскери қызметшінің төл мерекесі. Бұл – ел қорғаған батыр бабалар ерлігі мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін ұлықтайтын мереке.

2015.05.05 06 2015.05.05 07

Егемен Қазақстанның Қарулы Күштері кез келген жағдайда Жоғарғы Бас Қолбасшы қойған міндеттерді лайықты орындауға әрқашанда қабілетті. Шетелдік сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның Қарулы Күштері кеңестен кейінгі кеңістіктегі озық үштіктің қатарында, ал Орталық Азия аймағында біздің армия ең үздік деп танылды. Кездесуде Ішкі Істер бөлімінің ардагері, подполковник Н.Т.Жамбулатов, ауған соғысының ардагері – Т.Т.Имангалиев және Павлодар қаласы Қорғаныс бөлімі бастығының орынбасары Төлеубеков С.Қ., «Айбын» орденінің иегері, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери қызметкері, прапорщик А.Ш.Жотеков, генерал-майор юстиции Д.Н.Фалеев, Еңбек Ерінің ардагері Баранов А.И. қатысты. Кездесу кешіне мектеп оқушылары, колледж студенттері, «Өркен» жас ақындар клубы, оқырмандар қатысты. Оқырмандарға «Қазақстан Қарулы Күштері жаңа мынжылдықта» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

Түсініктемелер қосу


Қорғайтын код
Жаңарту