Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.
"Бір ел - бір кітап" - 2017. Жыл кітабы - С. Торайғыровтың шығармалары
"Бір ел - бір кітап" - 2016. Жыл кітабы - Д. Бабатайұлының шығармалары
"Бір ел - бір кітап" - 2015. Жыл кітабы - І. Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы
"Бір ел - бір кітап" - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның..."
"Бір ел - бір кітап" - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа"
"Бір ел - бір кітап" - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары
"Бір ел - бір кітап" - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек"
"Бір ел - бір кітап" - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"
"Бір ел - бір кітап" - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы
"Бір ел - бір кітап" - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман"
"Бір ел - бір кітап" - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер"